Қазақ әйелі туралы сөз қозғау әрі оңай, әрі қиын. Оңай болатын себебі - әйел біздің анамыз, әйел біздің әпке-қарындасымыз. Ақын ағамыз айтқандай, бір әйелдің құшағында туамыз, бір әйелдің құшағында өлеміз. Жастайымыздан көріп өстік, түйсініп, көңілге түйіп өстік. Тоғыз ай, он күн толғатып, «тар құрасағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп» әйел бізге өмір сыйлады. Сондықтан оңай, көңілімізде бәрі сайрап тұр. Қиын болатын себебі - әйел табиғаты тылсым, сырын ішіне бүккен қара жердей. Тек бабаларымыздың бізге тастап кетекен асыл мұрасына сүйеніп және Ф. Ницшенің «Әйел туралы тек еркектермен ғана сөйлескен жөн» деп сенім арта сөйлген сөзін көңілге медеу тұтып осы іске тәуекел етіп отырмыз.
Шынымен де – әйел кім? Оның ішінде қазақ әйелі кім? Өзінің ешкімге ұқсамайтұндығымен, не батысқа, не шығысқа жатпайтұндығымен былайғы жұртқа түсініксіздеу болып көрінетін қазақ әйелінің феномені неде? Қасиетті Құран Кәрімде: «Еркектер; әйелдерді билеуші. Өйткені Алла, бірін-бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар ; малдарынан да пайдаландырады. (Әйелдерге мәһер, нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар. Ал сондай-ақ әйелдердің бас тартуларынан сезіктенсендер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектерінде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды сабаңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында Алла өте жоғары, тым ірі» (Ниса сүресі, 34 аят). Бір ғана қауымға немесе бір ғана ұлтқа арнап түсірілмеген, бүкіл адамзатқа жол нұсқаушы Алла Тағаланың сөзі Құран шәриф осылай дейді. Әйелді түсіну еркектер арқылы ғана болатынына меңзейді. Құдай Тағала барлық нәрсені жұп қылып жаратқан, әйел мен еркек те сол қатарда, сол бұлжымас заңдылыққа бағынады. Еркектердің қасиетті парызы - әйелдерді билеу. Әйелдердің қасиетті парызы – еркектерге бой ұсыну, бағыну. Қарапайым ғана қағида, бірақ өмірде орындалуы өте қиын. Құран мен хадистен бастау алатын қазақ мәдениетінде бұл мәселелер әлдеқашан оңтайынан шешіліп те қойылған еді. Бірақ қазақ қоғамының басына төнген алмағайып замандар ұлттың тұнығын шайқап, дүниетанымын астан-кестен қылды. Еріне бағынбайтын әйел, кесепатты қыз, кесірлі келін пайда болды. Қазіргі қазақ әйелі әңгімені: «Неге мен еріме бағынуым керек?!» деп бастайды. Құран айтады: «Өйткені Алла, бірін-бірінен артық қылды» (Ниса сүресі, 34 аят). «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп Абай иман келтірген Құрандағы ақиқатты бүгінгі қазақ әйелі мойындамайды. Кешегі қазақ әйелі осы даусыз ақиқатты мойындаған, мойындай отырып әлем жұртшылығы таң қалатын ғажайып мәдениет қалыптастырған. Иә, әйелден еркек артық жаратылған! Осыны өтіміз жарылып кетсе де айтайық. Бұл – Алла Тағаланың хикметі: мұнда үлкен сыр бар. Бабаларымыз бұл даусыз ақиқатты «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» деп түйіндеген. Қоғамда әйелдің немесе еркектің үстемдігіне байланысты мәдениеттер де «еркек» , «әйел» деп бөлінеді. Орыстың көрнекті философы Николай Бердяев орыс мәдениетін «әйел мәдениеттердің» қатарына жатқызады. Ол өзінің «Ресейдің тағдыры» атты кітабында: Ресей үнемі қалыңдықтың күйін кешіп, сырттан келетін күйеуді күтумен болады деген ой айтады. Шынында да Ресей - әйел мәдениеттердің қатарына жатады: Матушка Россия. Орыс әйелі күйеуіне билігін жүргізеді, күйеу баласы енесінің қолында тұрады және оған еш арланбайды. Бірақ енесін өлердей жек көреді. Ал қазақ мәдениеті еркек мәдениеттердің қатарына жатушы еді: Ата жұрт, Ата мекен. Қазақ баласы енесімен бірге тұрмақ түгілі, қайын жұртында қалып қоюды намыс санап, «күшік күйеу» атанудан өлердей қорқатын. Сынықтан өзгенің бәрі жұғады дегендей, орыс боданына айналған қазақ мәдениеті өзінің еркектік сипатын жоғалтып, әйелдене бастағаны еш жасырын емес. Көреген бабаларымыз:
Қилы-қилы заман болар,
Қарағай басын шортан шалар.
Сиыр пұл болар, қатын би болар, - деп еді.
Айтқандары айдай келді.
Құран Кәрімде айтылған еркектің әйелден артықтығының сыры неде? Мұның сыры еркектің мал тапқыштығында, мал табуға жаралғанында. Құранда Алла Тағала ескертіп отыр: «Сондай-ақ олар ; малдарынан да пайдаландырады» (Ниса сүресі, 34 аят). Алмақтың да салмағы бар: жаратылыста еркекті әйелден үстем ету арқылы Құдай Тағала алдына айқын мақсат қойған: ол – еркекті мал табуға үндеу, мал тапқыза отырып малынан әйелге пайдаландыру. Және бұны оның мойнына қасиетті парыз қылып жүктеген. Алла Тағала жаратушы иеміз шексіз әділетті. Жұп қылып жаратқан пенделеріне тіршіліктің тауқыметін тең бөлген. Қазір біз айтып жүрген еңбек бөлісі әлмисақта адам баласы жаралғаннан бері іске асқан. Жаратушының бұл әділетті үдерісінің іске асуын дана қазақ былай деп тайға таңба басқандай бейнелеген:
Мал таппайтын еркек болмайды, құрарын айт.
Бала таппайтын әйел болмайды, тұрарын айт.
Міне, қысқа да нұсқа Алла Тағаланың хикметі. Еркектің міндеті – мал табу, әйелдің міндеті – бала табу. Осыны түсінбесек, түсінуге өреміз жетпесе кімнен көремез, кімге өкпелейміз...
Тіршілік бастауы - әйел. Ғабит Мүсірепов өзінің қойын дәптерінде мынадай оймақтай ойды түртіп қойыпты: «Ең жаман деген әйелдің қолынан адам жасау келеді» деп. Біле білген адамға Алла Тағала еркекті артық қылу арқылы осы тіршіліктің бастау көзі болып табылатын әйелді қорғап отыр. Әйел адам босанарда бір аяғы төрде, бір аяғы көрде деген сөз бар. Толғақтың ащы азабын тартып, дүниеге адам баласын әкелем деп өмір мен өлімнің арасында жанталасқан әйел «шыр» етіп жарық дүниеге қызылшақа нәресте келгенде бар күшін сарп қылып талықсып кетеді. Міне осы кезде тіршілікке мүлдем жарамсыз болып қалған әйел заты аялы алақанға, арқа сүйер мықты еркекке зәру. Жәй ғана аты бар да заты жоқ еркекке емес, малтабар еркекке зәру. Ал мал табу – оңай шаруа болмаса керек. Ол оңай шаруа болса жұрттың бәрі байып кетер еді ғой. Абай атамыз:
«...Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек көтін жусаң да , мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас...» - дейді.
Мал табу – тәуекелді, отаның – отбасың үшін отқа түсуді, еркеше қажыр-қайрат пен батылдықты қажет етеді. Егер еркектің бойынан бұл қасиеттер табылмаса, ол шепті бұзып жау қайтарып, жанын бұлап мал таба ала ма? Таба алмаса керек. Еркекті артық қылып жараттық деген Құран хикметінің сыры да осында.
Кешегі қазақ әйелі, дәстүрлі мәдениеттің бесігінде тербеліп, қайнарынан қанып ішкен қазақ әйелі мұның бәрін білген. Білген де қоғамда ғы өз орнын жазбай танып, әйелдіктен даналыққа, отбасы, ошақ қасы тірлігінен рулы елдің қамын жейтін Ел анасы деңгейіне көтеріле білген. Кешегі өткен Домалақ, Қарқабат, Абақ, Шашты, Ұлпан және біз білмейтін тағы қаншама аналарымыз соның айқын дәлелі.
Совет өкіметі әртүрлі желеулермен, жасанды, желөкпе ұрандармен әйел теңдігін ту етіп көтеріп әйелдерді отбасы өмірінен алыстатты. Оларды қоғамдық істерге аяусыз жекті. Әйел екі жақты қысымға түсті: оларды табиғи аналық міндетінен ешкім де босатқан жоқ, әрі қоғамдық жұмысқа араласуға тиіс болды. Совет өкіметі кезінде әйелдердің мойнына асқар таудай ауыр жүк артылды: олар әрі бала табуға, әрі мал табуға мәжбүр болды. Сөйтіп әйелдер тарапына қиянат жасалып, Жартушы белгілеп берген әділеттілік принципі өрескел бұзылды. Совет идеологтары бірақ бұны өз тілдерінде «әйел теңдігі» деп атады.
Қоғамдық жұмыстарға араласу, мал табудың жолына түсу, еркекпен тайталасып, алысқанмен алысып, жұлысқанмен жұлысу – нәзік те сұлу әйел табиғатына өлшеусіз нұқсан келтірді. Әйел әйелдік табиғатын жоғалтып, еркектене бастады. Өздеріне жасалып жатқан қиянатты терең түйсінген орыс әйелдері сол заманда мынадай частушка шығарды:
Я и лошадь, я и бык,
Я и баба, и мужик.
Ащы айтылған, бірақ шындық. Осы үдеріс әлі күнге дейін жалғасып келеді. Қазақ әйелі әлі отбасына оралған жоқ: жанталасып мансап қуып жүр, қара сан болып мал тауып жүр. Ең үлкен мансап ана болу, ұрпақ көбейту екені олардың қаперіне де кіріп шықпайды. Ал қазақ қауымы балшықтан бала жасай алмай, ұлан-ғайыр даланы адам санымен қалай толтырарын білмей басы қатуда. Ұзын сөздің қысқасы, әйелдің ең жақсысы – еріне бойсұнғаны. Алла Тағала Құран Кәрімде осылай бұйырады. Осылай әйелдің табиғи міндеті мен парызын айқындап береді.
Осы ой сілемі көне түркілік дүниетанымда да тайға таңба басқандай айқын бейнеленген. Ислам діні бабалар ұстанымы мен дүниетанымын тек Кітап жүзінде бекітіп берді. Көне түркілік дүниетанымда барлығы көктегі Тәңірі мен төмендегі қара жердің арасында дүниеге келеді. Күлтегіннің үлкен жазуында:
«Биікте көк тәңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған» -дейді.
Бабалар дүниетанымында Аспан мен Жер – ерлі-зайыпты жұп болып көрініс береді. Осы ерлі-зайыптылардың «жыныстық қатынасынан» адам баласы, бүкіл дүн-дүние тіршілік иесі болып жаратылады. Және бір қызығы, Көк пен Жер бір-біріне бағына отырып, бір-бірінен нәр бере отырып, бір-бірінен энергия ала отырып керемет үйлесімділікке жетеді; гармонияны құрайды. Қазақтың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп өзінің Наурыз атты еңбегінде: «Бір құдайдан басқаның бәрі бірінен-бірі туып, өсіп-өнбек. Туып, өсіп-өнетұғынның бәрі де қартаймақ, өлмек. Көк байы да, жер қатыны. Солай болғаны үшін: «Көктен жаудырсын, жерден өндірсін», - дейді. Аспанда бұлтқа бұлт шағылысады, сөйтіп жаңбыр жауады. Жаңбыр көп жаумайтын жылы бұлт қысырап қалды деп күні бұрын айтып отырушылар болады. Жаралған жанды-жансыз бәрі де жұп жаралған. Жұп мәнісі ерлі-байлы деген сөз» - деп, ойымызды бекітіп береді.
Қазақ мәдениетінде қашаннан еркек – басшы, әйел – қосшы; еркек – бас, әйел – мойын деп те тұспалдайды. Олай болатын себебі – еркек құдіретті Көк Тәңірінің баласы, әйел – жер рухы – Ұмай Ананың баласы. Еліміздің иесіз, жеріміздің киесіз емес екендігін айғақтайтын киелі көне түркі жазуы:
Тәңірідей, тәңіріден
Жаралған
Түрк білге қаған, - деп басталып:
Он жаста Умай текті
Шешемнің бағына
Інім Күлтегін ер атанды, - деп жалғасады.
Түркілер әкелерін «Көке» деген: Көк тәңірідей құдіретті, күшті, жаратушы деген мағынада; әрі еркектің аспан текті екеніне нұсқайтын есім. Ал шешелерін «апа», немесе «ана» деп атаған: «ана» - Ұмай ана, Бай ана - әйелдің жер тектілігіне меңзеген. Аспан – жаудырушы, жер - өндіруші. Аспан жаудырмаса, жер нені өндіреді, қалай өндіреді? Жердің Аспанға бағыныштылығы да осы қарапайым табиғи заңдылықтан туындайды. Осы әдемі заңдылықты, ғажайып үйлесімді Абай атамыз өзінің «Жазғытұры» атты өлеңінде береді:
Күн – күйеу, жер – қалыңдық
сағынысты,
Құмары екеуінің сондай күшті.
Күн қырындай жүргенде көп қожаңдап,
Күйеу келді – ай, жұлдыз көтін қысты.
Күн күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай.
Көңілі күн лебіне тойғаннан соң,
Жер толықсып, түрленер тоты құстай.
Жер күннің энергиясына қандай мұқтаж болса, әйел де еркектің энергиясына, күшіне сондай мұқтаж. Әйел – еркектің энергиясын қабылдап алып, оны өндіріп беруші. Махаббаттың өзін әйел еркектен алады. Еркектің назары түспеген әйел затында жылылық, мейірімділік сияқты әйел-анаға тән қасиеттердің болмауының себебі де осында жатқан сияқты. Сондықтан қазақ: Атаның - күші, Ананың – сүті, - дейді. Осы әлемдегі табиғи үйлесімді дана бабаларымыз отбасылық деңгейде аунытпай қайталайды. Аспан – біреу, екеу емес. Егер аспан екеу болса, онда үйлесім бұзылады: екі энергия көзі бір-біріне соғылысып, апат жағдайға ұшыраймыз. Күннің энергиясын, жауынын, бұршағын, күн күркірегендегі найзағайын – бәрін-бәрін қара жер қайыспай қабылдап алып, бойына сіңіре береді. Осы бағыныштылықтың арқасында әлемдегі тепе-теңділік сақталып тұр. Ендеше, жалпы әлемге тән бұл заңдылық, қазақ отбасында да қайталануы шарт: «Бір қазанға екі қошқардың басы сыймайды!». Қазақ ұғымында «Қазан» – отбасын білдіреді, «Қошқар» – еркек, басшы, соңынан ертуші мағынасында. Бұл мақалды сөзбе-сөз түсінбеу керек, қазан үлкен болса екі емес, бірнеше қощқардың басы сыйып кетеді. Мәселе онда емес, мәселе мақалдың аллегориялық тұспалында. Сөз, ұғымдардың белгілі бір ойды берудегі рәміздік қызметінде. Қошқар – еркектік бастау, Тәңірінің құты. Ол – біреу-ақ болуы шарт: екеу болса –сүзіседі, жанжал, ұрыс пайда болады. Сөйтіп айрандай ұйып отырған отбасылық шырық бұзылады. Қазіргі қазақ әйелі – ол да қошқар болғысы келеді: еріне бойсұнғысы жоқ. Отбасылық кикілжіңдер, жаңа ғана құрылған отаудың шаңырағының ортаға түсуі – бәрі-бәрі осы ерлі-зайыптылардың өз-ара қарым-қатынысын реттей алмауынан туындайды. Ал бұл өз кезегінде, қазақы дүстүрдің әлсірегенін, қазақы дүниетанымға құрылған тәрбиенің жетімсіздігін көрсетеді.
Бағанадан бері «әйел еркекке бағынуы керек» деген сөзді көп айттық. Оны Құранмен негіздедік, бабалар дүниетанымымен байыптадық. Бірақ бұның бәрі жеткіліксіз сияқты, енді бір ғылыми негіз жетіспейді. Көп адамдар әйелдердің еркектерге қарағанда үстірттігін біледі, бірақ «неге олай?» деген сұраққа жауап бере алмайды. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Мәшһүр Жүсіп атамыздың «Ғылым-білім» туралы әңгімелеріне жүгінеміз. Ғұламаның айтуы бойынша «Адамның басының ішіндегі мида бес қызметкер бар. Бұларды: «Хауас хамса батини» - дейді. Ең әуелгісі – хысміштірік. Бұл хысміштірік – көздің көрген нәрсесін адамның ішіне переводтап жеткізетұғын тәржіман. Екінші қуат –қиял. Мұның жұмысы – переводчиктің переводтап жеткізген нәрсесін жазып тұрушы хатшы есебінде. Үшінші қуат – мүтәпкіре. Переводчиктің жеткізгенін хатшы дұрыс жаза ма, теріс жаза ма – үстінен қарап оқып тұрады.
Төртінші қуат – уаһма. Мұның жұмысы – көрген, көрмеген нәрселерді, шын мен өтірікті, - бәрін бірдей астарлап соға береді. Мұның еркіне қоя берсе: «Ғаламда жүз мың күн бар» - деп ойлайды. Хайуан ғырнатықтың білімі осы қуат уаһманың күшіменен. Ұшқан құс, жүгірген аң, төрт аяқты мал – осы уаһманың күшімен төрт нәрсені біледі. Бірі –жаратушы кім екенін кәміл біліп, өз шамасынша бәрі Құдайға жалынышты жүреді.
Екіншісі - әрқайсысы өз қорегін кісіден сұрамай таниды. Оны жеткізуші – Құдірет екенін біледі.
Үшіншісі - әрқайсысы өз көшәнедесін көргеннен таниды. Өзіне не дұшпан, не нәрсе қас, оларды қандай десең, сондай біледі. Сол үшін қазақ тілінде айтылады: «Тұрымтайлыға торғай жолықпайды, // Қаршығалыға үйрек ұшырамайды» - деп. Мылтықсыз кісіден аң да, құс та қашпайды, отыра береді. Мылтықты кісіден күн ілгері маңайына келтірмей , қаша бастайды.
Төртіншісі - әр мақұлық өз жынысының еркегі – ұрғашысын, ұрғашысы – еркегін – бұрын көрмеген болса да, көргеннен тани бастайды. Бұл уаһмаға ерген адам хайуан есебінде болып қалады. Соның үшін айтылады: «Ферғауын ғалия мастыхақтың білімі ғақылмен емес еді, өһіммен еді. Егер оның білімі ғақылмен болса, Құдай тағаланың құдайлығын таныр еді. Қатын тағасы һәм дүние шаруасына еркектен білімді болады. Оның білімі де уаһманың күштілігінен. Болмаса еркектен ақылы асқандықтан емес. «Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа» - лығынан қандай жақсы болсын, бір жаман еркектің қол астында пенде болып жүреді. Болмашы нәрсеге қызығып, алданып қалғаннан, бұл қуат уаһма қиялын әбден билеп алса, оқуы мүмкін болмайтұғын нәрселерге ұрындырып, хақиқат мерген қалып болатұғын жұмыстарға бастап кетеді. «Аса білім бас жояды» - деген – осы.
Бұл уаһма - не десең, өзінен шығып тұрған шайтан десе болады. Қазақша мұның атын: «уайым» - дейді. Жоқ нәрсені ойлатады. Асылы қашан да болса ойға түспеңдер, ой ойлаушы болмаңдар, ой – шайтан жұмысы. Қазақ мақалында бар: « Жақсы-жаманның азығы ,// Өлі – тірінің азығы, // Уайым – шайтанның азығы».
Адамның денесіндегі барша қуатлар ғақылдың қол астында болады. Жалғыз-ақ уаһыма ғақылдың қол астында болмайды, ғақылдың өзімен ертеңді-кеш жауша жағаласып тұрады.
Бесінші қуат – махафаза. Бұл қуат лұх орнында, хысміштірік-переводчик , қиял – хатшы, мүтәпкіре - переводчик не айтады, хатшы не жазады – үстінен қарп тұрушы. Уаһма – «Ақты қара қыламын» - деген прокурор есепті. Ғақыл окружной сот – ешкімге зарар болсын деп ойламайды. Окружной сотпен тепсініп сөйлескен прокурордай-ақ уаһма ақылмен жағаласады да, тұрады.
Қуат махафаза – бәрініің бас қосып, пәтуа қойған жұмысы жазылатұғын тақтай. Бесеуі бір жерге бас қосумен не жұмыс та болса, тастай болады да, қалады». Сонымен әйел затының неліктен «бір жаман еркектің қол астында пенде болып жүретінін» ғылыми тұрғыда дәлелдедік, енді қорытындылайық. Сөзді атышулы неміс философы Фридрих Ницшеге береміз. Ницще өзінің әйгілі «Заратустра осылай деді» атты еңбегінде: « Әйел өзінің үстірттігінен тереңдікке ие болуы үшін бағынуға тиіс. Өйткені ол терең емес – тайыз судың бетінде көпіршіген көбік қана.
Керісінше, еркек терең келеді, жер асты үңгірлерінде оның жойқын ағысы буырқанып жатады: әйел мұны тек күңгірттеу ғана сезінеді, бірақ оның күшін ұғына алмайды» - дейді. Бұл сөздерде әлдекімдер ойлағандай еркектік шовинизм, немесе еркектің шектен асқан астамшылығы жатқан жоқ. Керісінше, бағындыру мен бағына білу арқылы жететін өмірдің ғажайып бір үйлесімі жатыр. Батыста: қарама қайшылықтардың бірлігі мен күресі (диалектиканың негізгі заңдылықтырының бірі), ал бізде, шығыста: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен үйлесімі. Қазақ орысқа бодан болғаннан бастап осы батыстың қос жыныстың арасындағы теке-тіреске, бір-біріне бағынбауға негізделген сұрықсыз философиясын бойына сіңіріп, өзінің дәстүрлі отбасылық философиясына сызат түсіріп алды. Өзіндік төл дүниетанымға негізделген қазақ отбасына жасалып келе жатқан экспансия әлі де жалғасуда. Бұл өз кезегінде қазақ социумын әлсіретіп, отаршылдықтың ауыр дертінен арылып, етек-жеңін жинауға мұрша бермей жатыр.
Жоғарыда біз сөз қылған Ницшенің «Заратустра осылай деді» атты еңбегінің «Қартаң және жас әйелдер туралы» атты тарауы былай деп аяқталады: «Әйелдерге бара жатырмысың? Қамшыңды ұмытпа!». Осы сөздеріне қарап кейде Ницшені неміс емес, қазақ па деп қаласың... Қамшы – қазақ мәдениетінің, төл дүниетанымының символы еді. Әрбір қазақтың төрінде қамшы ілініп тұратын. Камшы – қазақ отбасын жын мен шайтаннан, әртүрлі бәледен сақтайтын. Отағасы керегеге ілулі тұрған қамшыға бір қарағанда шектен шыға бастаған әйел жым болатын. Қазір де кейбір қазақтың отбасында қамшы ілініп тұрады. Бірақ ол бұрынғы күші мен әлеуетін жоғалтқан қамшы, сән мен декорация үшін ілініп тұрған қамшы. Қазақтың қамшысының жоқтығынан талай отбасы ойрандылып, шаңырағы ортасына түсті. Қазақтың талантты ақын қызы, өз қателігі мен сенген жарының әлсіздігін ащы болса да мойындап, өлең қып өрген Шәмшия Жұбатовв өзінің «Қамшы» атты өлеңінде былай дейді:
Жалғыз ауыз сөзбенен-ақ өлтірдің,
Қарсы алдыңда тірі өлік боп мен тұрдым.
Тұрлауы жоқ болып шықты сертіңнің,
Түрі құрсын қоқырайған бөркіңнің.
Қараң қалсын мен ас берген тегене,
Тегене ас жұқпай жүр ме немене.
Көкке шапшып бетіңнен ап жатқанда
Қолың сыңғыр, сабамайсың сен неге.
Таныта алмай намысың мен күшіңді,
Не басып тұр, не басып тұр мысыңды.
Жаратылдың еркек болып несіне,
Жөндемесең теріс кеткен ісімді.
Жонымды бір тілсе қамшы таспасы,
Былай қалып қояр еді-ау басқасы.
Күмілжімей әйеліңнің алдында
Бөркіңді анау былай алып тасташы.
Әй-шайға да, келтірместен мұршаға,
Үнсіз күйде өлтіргенше бір саба.
Сенде қамшы, менде бұрым болса егер
Елге күлкі болар ма едік мұншама.
Қазақтың тағы бір арқалы ақыны Тыныштықбек Әбдікәкімов Қам-шы сөзінің түп-төркіні Қам (орысша «забота»)деген сөзден шыққан дейді. Сонда Қам –шы – біреудің қамын ойлаушы, біреуге жаны ашушы, қамқор болушы деген мағынаны беретін болып шығады. Жоғарыдағы жыр жолдарындағы Шәмшияның: «Жаратылдың еркек болып несіне, // Жөндемесең теріс кеткен ісімді» дегені сөзіміздің айқын дәлелі емес пе?.. Қамшы дегенде біреулер бас-көз жоқ төпелеп сабау деп анайы түсінетіні де жасырын емес, жоқ, қамшы – бұл символ, рәміз, еркектің табиғи жаратылысы мен міндетін айғақтайтын белгі. Қазақ отбасындағы үйлесім мен жарастықты қызғыш құстай қорғайтын Қам-шысы, Қам-қоршысы. Осыны түсіне алмасақ, өзіміздің сорымыз...
Енді аяңдап билік мәселесіне келейік. Қазақта «Байтал шауып бәге алмас» деген сөз бар. Бұдан байтал жүйрік болмайды,. бәйге алмайды деген ой тумауы керек. Керісінше, ең жүйрік жылқы ұрғашы зарпынан болатынын қазақ мәдениетіне зер сала қарағанда байқаймыз. Мәселе Байталдың бәйгеге жаратылмағанында, оның жаратылыс мақсаты басқа екендігінде. Оның шешуін дана қазақ «Байтал мінсең құлын жоқ» деп алдымызға тартады. Байталдың «бәйгесі» басқа, ол құлындап мал басын көбейтіп, ер жігіттің дәулеті мен сәулетін шалқытуға арналған. Тек ақымақтар ғана, обал мен сауапты білмейтін түйсіксіздер ғана бәйгеден алатын атақ пен жүлдеге қызығып байталды бәйгеге қосады. Білетіндердің айтуы бойынша, өзі үшін де, құрсағындағы құлыны үшін де жан таласып, өмір мен өлімнің арасында барын салып, оқтай ұшып бәрінен озып байтал бірінші болып келеді екен. Бірақ көп кешікпей ішіндегі төлді өлі күйінде сыртқа шығарып тастайды.
Мәселе тек байтал туралы емес екенін іштеріңіз сезіп отырған шығар. Қазақ мәдениеті – тұспал мен ишараға құрылған Белгі мәдениеті (Знаковая культура). Адамға қатысты барлық жайттарды тұрмыс-тіршілігінде етене жан-жануарлар өмірі арқылы тұспалдап жеткізеді. Ендеше, «байтал» деп бұл жерде әйел заты айтылып тұрғаны шәксіз. Бұрынғы қазақта әйелдерің бәйгесі басқа еді: әйелдің қадір-қасиеті дүниеге ұрпақ әкелумен өлшенетін. Көмекей әулие Бұқар бабамыз: «Баласы жоқ қатыннан, // Лақтаған ешкі артық», - дейді. Ащы болса да шындық. Жаратылыс мақсаты бойынша лақтаған ешкі баласыз әйелден озып тұр. Қазіргі қазақ әйелі тіршіліктің бәйгесіне, мал табу мен мансаптың жолын мықтап кірісті. Және жуық арада тоқтай қоятын түрі де көрінбейді. Осы жолда, бар өмірін мал мен мансаптың жолын арнап тұрмыс құра алмай жүргені қаншама. Тұрмысқа шықса да «бәйгеге» алаңдап бала басын бір-екеуден асырмайды. Қазақ қауымы сөйтіп «байталдарын бәйгеге қосып», адам санын көбейте алмай пұшайман күй кешуде.
Мал мен мансаптың жолы оқудан басталатыны белгілі. Қазіргі қазақ қызының көбісі оқуды мұрат деп біледі. Сөйтіп, төл мұратынан жаңылып, оқу қуамын деп жүріп кәрі қызға қалай айналып қалғанын сезбей де қалады. Ал Сырым батыр айтты деген: «Дау мұраты – бітім, жол мұраты – жету, сауда мұраты – ұту, қыз мұраты – кету» деген ата-бабалар қағидасы олардың ойына да кіріп шықпайды. Осының бәріне тек қыз ғана кінәлі десек, қателесеміз, бәрі қазақ отбасындағы дәстүрлі тәрбиенің жоқтығынан. Қыз баланы морольдық, психологиялық, тұрмыстық өнер жағынан болашақ ана, болашақ жар ретінде дайындамаудан. Бұрынғы қазақ әйелі беске келіп бесіктен белі шыққаннан жұбайлық өмірге тәрбиеленетін. «Қыз –қонақ», «қыз – жат жұрттық» деп тәрбиелейтін. Қазіргі қазақ қызын жақсы көріп, еркелеткен болып: «Осы қызымды ешкімге бермеймін, өскенде өзімді асырайды» деп, ойланбастан қызының болашақ тағдырына балта шабады. Бұл біздің айтқанымыздан «қыз бала оқымасын»деген жаңсақ түсінік қалыптаспауы керек. Қыз бала оқысын, қыз баланың жан-жақты білімді, биік парасат пен мәдениет иесі болғаны абзал, бірақ ол өз мұратын ұмытпасын; оқи жүріп, мұратын естен шығармасын, қазақша айтқанда «бір бармағы ішінен бүгулі» болсын.
1920 жыл Семей қаласында «Абай» журналында Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ әйелінің бүгінгі хәліне арналған мақаласы шығады. Сол мақалада ұлтының қамын жеген екі кемеңгер «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп қалың қазаққа ұран тастайды. Мұның мәнісі: қазақ әйелінің жағдайын түзе, қазақ әйелі надан болып қалмасын, оқыт, тәрбиеле, өйткені бала кімді жақсы көрсе соған ұқсап кетеді деген даналық ой айтады. Әкесі қанша жерден ғалым болсын, шешесі надан болса, бала да надан болып өседі. Өйткені, «әкенің жақсылығы жездедей-ақ» дегендей, бала шешесін көбірек жақсы көреді дейді.
Ал қазақтың ғұламасы Мәшһүр-Жүсіп: «Дүниенің: еркек – бір қанаты, ұрғашы – бір қанаты. Екі қанатпен ұшқан құс қандай ұшқыр?! Мұсылман халқы ұрғашыны бүркеп, жасырып, кісіліктен қалдырғандықтан, сыңар қанат құс сықылды, дәнемеге жарамай қалғандығы – сол.
Еуропа жұртлары әйел халқын еркекпен тең ұстады. Жынысы әйелге харрит, азатлық, ерік берді. «Ұл, қыз – екеуі бір бас» - деп, ғылым-білімге, өнерге жарыстыра, бәсеке қылып қосып еді. Әр турадан әйел халқы ілкім үздік шығып, байды да жақсы бақты. Солай болғаны үшін, мүкіл періште есепті болды. Ғылым-білімді ұрғашыдан туған бала – туа әр нәрсені біліп, кісі болуға жарайды» - дейді.
Әйел проблемасы, оның ішінде Қазақ әйелінің феноменіне үңілу – оңай шаруа емес екен. Мәселенің жан-жақтылығы мен күрделілігі сондай, бір мақалаға сыйғыза алмасымыз анық еді. Сондықтан, қадірлі қауым, біз өзіміздің ой-өреміз, күшіміз жеткен межеде ғана мәселенің кейбір жақтарын ашуға тырыстық. Қателік-кемшіліктері болса алдын-ала сіздерден кешірім сұрай отырып, «ертеңгі қазақ әйелі қандай болуы керек?» деген сауал төңірегінде пікір туғызу үшін де қолымызға қалам алдық. Бірақ бүгінгі көтерілген мәселелер арқылы, ескі мен жаңаны, дәстүр мен жаңалықты салғастыра отырып, бүгінгі қыз, ертеңгі жар, болашақ ана – қазақ әйелінің идеалды образының қалыптасуына бір септігіміз тисе деген үмітіміз де жоқ емес. Дана бабаларымыз: «өлі-тірінің азығы, жақсы – жаманның азығы, ескі – жаңаның қазығы» - демеуші ме еді?.. Ендеше бізде, ағайын, жаңаның, бодандықта емес, еркіндікте өсетін қазақ әйелінің бейнесінің қазығы болсын деп ескіден біраз сөз қозғадық.

Омар ЖӘЛЕЛҰЛЫ,
Астана қаласы.
Рас-ау!
ОтветитьУдалитьТегін қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар
ОтветитьУдалитьhttp://free.ucoz.kz/