вторник, 16 июня 2009 г.

Мен қанша қарыздармын?..

Кеше менің туған күнім болды. 15 маусым. Осы күні жарық дүниенің кілтін ашыппын. 21 жыл бұрын. Қазір ойлап отырсам, 21 жыл бойы Алланың маған берген нығметі мен ырзығы өлшеусіз екен. Шексіз!
Бір ғана маған берілген демді алайық. Кәдімгі мен жұтып жүрген дем, ауа... Мен ғана емес, сіз де, олар да мен жұтып жүрген демді жұтып жүр.
Ғалымдардың айтуынша, бір демнің құны асты-үсті қазынаға толған 100 жер шарына тең екен. Бір ғана демнің құны осындай. Мәселен, маған біреу өзіме тиесілі дем мен осынша қазына-байлықты ұсынып тұрса, мен, әрине, демді таңдар едім. Жан тәтті ғой. Ал Алланың тарапынан сүр болып үрленген жанымнан, рухымнан айрылсам, қалған дүниенің не құны бар? Демім таусылса, қалған дүниенің не қажеті бар дейсіз?
Ал адам күніне шамамен 24000 дем жұтады екен. Бір демді бір періште алып келеді. Сонда мен қанша асты-үсті қазынаға толған жер шарын жұтады екем, есептей беріңіз. Нағыз жемқор – адам екен ғой. Адам қанағатсыз дегенге келіспей көріңіз. Оның үстіне шүкірсіз екен. Осынау нығмет үшін Алла бізге күніне бес-ақ мәрте дәретіңді алып (дәрет те өзіңнің тазалығың үшін), жүзіңді құбылаға қарап, "рахмет айт!", "шүкір айт!" дейді. Және не қалағаныңның бәрін сұра дейді! Біз ше? Біз... біз...

Біз осы демнің өтеуі ретінде Аллаға не қызмет атқарып жүрміз? Алланы разы қыларлық амал жасадық па? Соған сай шүкір айттық па? Оның жауабым тек Алла ғана береді.
Алла Тағала:
"Сендер сонда да аз шүкір айтасыңдар!"
Міне... 21 жыл бойы менің мойныма жүктелген илаһи қарыз осынша болады.


Сабыр АЛТЫН

Комментариев нет:

Отправить комментарий